Қазалыда сауықтыру кешені ашылды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы орталығында «Aru Spa» сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Кешеннің ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
«Аймақ басшысының бастамасымен 2018-2020 жылдары Өңірдегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының аясында ауданымызда жасалған жұмыстар ауқымды. Солардың бірі бүгінгі күні ашылған «Aru Spa» сауықтыру кешені. Сыр өңірінде кәсібін дамытып, бизнесін өркендетуді көздеген кез келген тұрғын үшін жағдай жасалған», – деді аудан басшысы.
Сауықтыру нысанында 14 адам жұмыспен қамтылмақ.
Айта кетейік, «Aru Spa» сауықтыру кешенінің 1 қабатында көлемі 8х5 метр болатын бассейн бар. Кешеннің 2 қабатында 40 орындық демалыс орны, оның ішінде 10 адамға арналған 2 вип бөлмесі және 20 орындық жалпы залы бар.