WhatsApp кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды
1 қаңтардан бастап WhatsApp мессенжері Nokia S40 операциялық жүйесінде жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың 2 ақпанынан бастап WhatsАpp тағы екі танымал операциялық жүйеде жұмыс істемейтін болады, олар - 2.3.7 нұсқадағы Android және iOS 7.Енді аталмыш операциялық жүйені қолданушылар жаңа аккаунт аша алмайды. Бұл телефондарда мессенджер де істемеуі ықтимал, себебі WhatsАpp аталған операциялық жүйелер үшін бағдарлама жасауды доғаруды жоспарлап отыр.



















