Жаңа жылдық салаттар
Құрамы: 4 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 дана қияр, 120 грамм піскен сиыр еті, 1 дана балқытылған ірімшік, 120 грамм сәбіз салаты, аскөк, майонез, тұз, дәміне қарай дәмдеуіштер.
Дайындалуы: Піскен жұмыртқаны, қиярды және балқытылған ірімшікті барлығын үкіштен өткіземіз де сиыр етін төрт бұрыштап турап, барлығын майонезбен араластырамыз.
Дайын салатты 4 бөлікке бөліп дөңгелектеп сәбізге бір аунатып аламыз. Салатты тарелкеге салып бетіне аскөк сеуіп, бір зәйтүнді кесіп, қиярды сәндеп жапырақ жасап жан-жағына қоямыз.
***
Құрамы: 5 дана картоп, 6 дана жұмыртқа, 2 дана сәбіз, 1 дана алма, 1 дана пияз, 2 дана тұздалған қияр, 1 дана маринадталған қызыл бұрыш, майонез, дәміне қарай жасыл бұршақ, тұз.
Дайындалуы: Сәбіз бен картопты сыртын тазалап, қайнатып аламыз. Дайын болған картоп пен сәбізді тарелкеге саламыз. Тұздалған қиярды алып, төрт бұрыштап тураймыз. Картоп пен сәбізді де дәл солай тураймыз да барлығын тарелкеге салып, үстінен бұршақты саламыз. Алманы тазалап үкіштен өткізіп салатқа қосамыз. Салатқа тұз бен майонез қосып, салатты жақсылап формасын келтіріп түзетеміз.
Жұмыртқаны қайнатып , піскен соң суытып қабығын аршып екі бөлікке бөліп сарысын бөлек алып ағын тарелкеге айналдыра қойып шығамыз. Салаттың ортасына жұмыртқаның сарысын үкіштен өткізіп себеміз. Қызыл бұрышпен сағат тілін және сағат сандарын рим цифралымен жасап қоямыз. Міне жаңа жылдық салат дайын.
***
Құрамы: 4 дана жұмыртқа, 1 дана алма, ½ банка консервіленген қозқұйрық , 150 грамм креветка, 4 дана жүзім,
жарты лимонның шырыны, дәміне қарай тұз, бұрыш, майонез және салаттты әсемдеу үшін 2 дана піскен сәбіз.
Дайындалуы: Сәбіз бен жұмыртқаны қайнатып аламыз. Жұмыртқаның ағын, алма, қозқұйрық, креветка, жүзім барлығын төрт бұрыштап турап аламыз. Барлығын араластырып тұз, бұрыш сеуіп, лимон шырыны мен майонезді қосамыз.
Тарелканы алып, салатымызды формасын келтіріп төртбұрыштап салып, салаттың бетіне және айналдыра жұмыртқаның сарысын үкіштен өткізіп себеміз. Жанына айналдыра жүзімді қойып шығамыз. Піскен сәбізден салат бетіне бантик жасаймыз.