Қытайда 30 шақырымға ұласқан мұз қалашылығы ашылмақ
Қытайдың Цзилин провинциясында 30 шақырымға ұласқан жаңа жылдық мұз қалашылығы ашылмақ, деп хабарлайды astanatv.kz.
Қазір алып мұз шаҺарының ашылу салатанатына қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл жерде келушілерге 39 мүсін ұсынылған. Кейбір мүсіндердің ұзындығы тіпті 21 метрге дейін жетеді. Ұйымдаструшылардың айтуынша, қалашықтың құрылысына 15 мың текше метр мұз кеткен. Тұрғындарды дер кезінде қуанту үшін 300 суретші демалыссыз күні-түні жұмыс істеген. «Рейтерстің» хабарлауынша, мүсіндерден бөлек, мұнда мұздан жасалған лабиринт пен сырғанақ бой көтерген.