Назарбаевтың Қазақстан БАҚ өкілдеріне берген сұхбатының толық видеосы жарияланды
"Хабар 24 телеарнасының" Youtube желісіндегі каналында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президент биыл өткен елеулі жағдайларды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Телевизиялық нұсқасы 2018 жылы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетілді.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта енгізуге қатысты пікірін айтты. Ол бұл мәселе жөнінде ешқандай келіссөз болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы, санкциялық теке-тірес, Қытаймен қарым-қатынас және Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді. Қазақстандық көшбасшы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі жайлы және әлемде болып жатқан құбылысты Кариб дағдарысымен салыстырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында жастардың елден кетіп жатқаны, эмиграция мәселесін қысқарту үшін қандай шаралар қолданып жатқаны туралы айтылды. Экономика туралы сөз қозғағанда, Назарбаев оның жағдайы тұрақты деген баға берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы таланттарды дамыту керектігін айтып, опера әншісі Мария Мудряк пен Димаш Құдайбергенді "Дара тауар" деп атады.