Жаңа жыл түнінде мыңдаған теміржолшы жұмысқа шығады
Бірнеше мың теміржолшы Жаңа жылды өз жұмыстарында қарсы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ диспетчерлері, станция, депо бойынша кезекшілер, машинистер мен олардың көмекшілері, жолшылар, жолсеріктер және ауысымдары 31 желтоқсаннан 1 қаңтар түніне түскен өзге қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 13 мың аса қызметкері, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1500 қызметкері мереке түні пойыздардың кесте бойынша қозғалуын қамтамасыз етеді және мереке күндері жолаушыларға қызмет көрсетеді.
«Жаңа жыл түнінде кезекшілік ету мен үшін қалыпты іс. Маған осылайша талай рет жұмыс істеуге тура келген және сондықтан жаңажылдық кезекшілік пен жай күндердегі жұмыстың арасында ешқандай айырмашылық көріп отырғаным жоқ. Пойыздар сол баяғыша жүреді, адамдар да баяғыша жұмыс істейді. Тек сәл жауапкершілікті, сәл шыдамды, сәл ықыласты болу керек», - дейді пойыз диспетчері Рүстем Қиқымов.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ дәстүрлі түрде жолаушылардың мерекелік көңіл-күйлерін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Теміржол вокзалдарында дауыс зорайтқышы арқылы құттықтаулар естіліп жатады. Пойыздарда осы жылды жолда шығарып салғысы келгендердің атына құттықтаулар айтылатын болады. 31 желтоқсанда пойыздармен сапарға 50 мың адам шығады.
Теміржолшылар күрделі қыстық жағдайда пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді.