200 баланың жүзіндегі қуаныш
Жалағашта аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агентігі.
Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов жаңажылдық кешке жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ауданның ағымдағы жылғы жетістіктеріне тоқталып өтті.
Салтанатты шарада кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Ә.Мадиева сөз алып, бүлдіршіндерді жаңа жылдарымен құттықтады.
Кеш барысында балалар ән салып, өз өнерлерін паш етті. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Салтанатты шарада мерекелік дастарханда жайылып, 100-ден аса балаға тәтті-дәмділер үлестіріліп, әр балаға сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандағы мүмкіндігі шектеулі 200 балаға сыйлықтар таратылатын болады.