Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
Арал ауданының Бекбауыл ауылдық округінде мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде жыл басынан бергі денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті. Жаңа амбулатория халықтың дертіне шипа табатын құтты орын болсын деп лебізін білдірді.
Ауыл ақсақалы Ш.Мыршаев сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Бекбауыл ауылының тұрғындарына дәрігерлік көмек бұрын ескі ғимаратта көрсетіліп келген болатын. Амбулаторияда 10 медицина қызметкері жұмыс жасайды.
Жаңа амбулатория заманауи талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақирек ауылдық округінде медициналық бекет пайдалануға берілген болатын.