Мереке қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
Қызылордада егемендіктің еңсесін биіктетуге, елдіктің абыройын асқақтатуға толассыз тер төккен абыз ардагерлерге Жаңа жыл мерекесі қарсаңында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ел Тәуелсіздігін алған тұста аймақ экономикасын дамытуда, халықтың әл ауқатын жақсартуда көптеген атпал азаматтарымыз тер төгіп, халыққа қызмет етті. Аға ұрпақ өкілдерінің елге деген адал еңбегі, жасаған жүйелі жұмысы қашанда бүгінгі буынның есінен шыққан емес.
Арда азаматтардың айтулы күндерде аймақтың дамуы үшін атқарған ауқымды істері қашанда құрметке лайықты.
Мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов өз саласының үздігі болған Мұрат Қараманов, Расим Назыров, Болат Қарғабаев, Бауыржан Оспановтарға облыстың ең жоғарғы марапты «Құрмет грмаотасын» табыстады.