ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы үлкен салтанатпен атап өтті. Радиотелефонист Жеңіскүл Әбдееваны, аға техник Бақытбек Мергеновты, бөлімше командирі Бағдат Төлепбергеновты, бөлімше командирі Ерлан Шакуовты, аға өрт сөндіруші Алмас Досмұратовты, өрт сөндіруші Ермек Қайназаровты, жүргізуші-қызметкер Рахымжан Ибашевты бөлім бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Сармолдин бастаған ұжым асқан қимастықпен шығарып салды.
Зейнет жасына шығарып салу салтанатты кешіне қатысқан Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі О.Жұмабеков, Бұл белеске жету де бір бақыт, - деп - Бүгінгі өрт қауіпсіздігі саласы ардагерлерінің қатарына қосылып отырған жандарға алдағы уақытта отбасы бақытын тілейтіндігін, жүрекжарды тілегін жеткізіп, ұжым атынан арнайы адресаттары мен иықтарына шапан, қамзол, жаулықтарын жауып, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Әріптестері өмірдің үлкен асуына иек тіреген жандарды қимайтындығын, бірақ осы ертелі-кеш кезең бәрінің басына келетіндігін, өкшелерін басып келе жатқан өздерімен бірге артқа тастаған қиындықтар туралы тебірене әңгімелеп, зейнеткерлерге ақ жол тіледі.
Қызылорда облыстық ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі