Медиация көмегімен тағы бір отбасы татуласты
Сырдария ауданында отбасы медиация көмегімен некесін сақтап қалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

«Тараптарға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытындағы пилоттық жоба аясында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу құқықтары түсіндірілген. Істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптар дауды кәсіпқой медиатордың көмегімен реттеу туралы сотқа жазбаша өтінішхаттар түсіріп, екеуара некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімді ұсынған. Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды», – делінген соттың баспасөз қызметінің ақпаратында.