Төтеншеліктер қайырымдылық іс-шарасын өткізді
Бүгін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа жыл мерекесіне орай қайырымдылық кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Кешке қатысушылар өз тарапынан көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді. Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы тарапынан жасалған қайырымдылық іс-шарасында департамент бастығының орынбасары С.Молдақараев пен департамент бастығының кеңесшісі Т.Ботабаев қатысушыларға ізгі лебізін жеткізді.


