Қармақшыда «Жастар балы» өтті
Қармақшыда тұңғыш рет «2019 жастар жылына» орай «Қармақшы жалынды жастар мекені» атты аудан жастарының балы өткізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар балына аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы және облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Жасұлан Алдабергенов және аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев қатысты.
Жастар балының алғы сөзін маслихат хатшысы Марат Наятұлы ашып, аудан жастарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ, жастар және оқушылар мәслихаты депутаттарының куәліктері мен төс белгілерін табыстады.
Шара барысында аудандық жастар саясаты саласында қызмет атқарып жүрген мамандармен бірге белсенді жастар облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің және жастар саясаты мәселелері басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңы жастардың балдық биімен және «Алғашқы қар» атты шоу бағдарламаға жалғасты.