Жемқорлық бар жерде береке болмайды
«Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!» деп ел төрелігін айтқан Төле бидің шешендік сөздерін әрбір азамат өз басшылығына алса, алға баспайтын жұмыс жоқ деп ойлаймын. «Жемқорлықпен күресу» шаралары бойынша баспа материалдары бойынша ақпарат таратып, әлеуметтік желіде ақпараттандырылып отырса, алдын алудың негізгі жүйелерінің бірі болып табылмақ.
Қазіргі қоғамда белең алып отырған елдің экономикасына болсын, елдің әлеуметтік жағдайына керітарпа істердің бірі бұл – жемқорлық. Жемқорлық – басты індет. Жемқорлық бар жерде берекесі алға басқан кәсіп те болмайды.
«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», – дегендей әрбір Қазақстан Республикасының азаматы елдің дамуына түбегейлі жұмыс жасап, осы нақыл сөздердің түп мағынасына үңіліп, нақыл сөзді бас пайдасына пайдаланып, өз ортасында болсын, қызметтік істерде болсын, ең бастысы жемқорлыққа жол бермеу керек.
Н.Сагымбаев,
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің жетекші-маманы