Жаһандық бәсекеге қабілеттілік
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылған жаңа мемлекеттің құрылуымен қалыптасқан Қазақстанның бірінші жаңғыруының және «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен, жаңа Елорда – Астананың салынумен басталған Қазақстанның екінші жаңғыруының жемісі ретінде еліміз әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жолдауында дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін келесі маңызды бағыттарға екпін қойды.
Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету, білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыс, жалақы, әлеуметтік қамсыз-дандыру, жеке меншік құқығын қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және тағы да басқа салалар аталған құжатта толық қамтылған.
Жолдауда еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылды. Біздің еліміз шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығарып, болашақта иық тіресе жүріп, басқа мемлекеттерге өз өнімдерімізді өткізуге дайын болуы керек. Ол үшін әрине, әуелі халыққа кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беріп, шағын бизнесті дамытуға жағдай жасалуы керек. Елде бизнестің дамуына қолдау көрсету бағытында «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» сияқты бағдарламалар іске асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша, яғни «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі», «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары бойынша жауапты орындаушы болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында зияткерлік меншік құқығы адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрап, нарықтық қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі ретінде қалыптасты.
Мемлекет тарапынан Зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде, өйткені дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру секілді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Сондықтан, зияткерлік меншік болашақта мемлекет азаматтарының әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін, құнды ресурс ретіндегі қас маңыздылыққа ие бола бастады.
Н.Бодыбаев,
Қызылорда қалалық
Әділет басқармасы,
басшысының орынбасары
«Қазақстан Заңгерлер одағы»
Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.