ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП САЛЫНУДА
Қызылорда облысында өткен жылы тұрғын үй құрылысы 5 пайызға өскен.
«2014 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 253 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 286 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға өскен», - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова.
Айта кетейік, өткен жылы Қызылордалықтардың орташа айлық жалақылары 7 пайызға өскен.