Қызылордада жыл басынан бері 455 өрт болған
Жыл басынан бері облыс көлемінде 455 өрт орын алды, онда 11 адам қаза тапты. Көбіне отты абайсыз қолдану салдарынан болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының өрт қауіпсіздігі саласындағы басшысы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
"Жыл басынан бері облыста 455 өрт болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4% - ға кем. Өрт салдарынан болған материалдық шығын 46 млн. теңге. Дегенмен, от апатынан 11 адам қаза тапты. 8 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Айта кетсек, өрттің көп бөлігі тұрғын үй секторында орын алады", - деді Руслан Қайрақбаев.
Сонымен қатар, алдағы жаңа жылдық мереке қарсаңында ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірігіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілуде.