Сырдария арнасынан шығып кетуі мүмкін - Қазгидромет
Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«26-28 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Сырдария бойында мұз көшкінің кептелуіне байланысты өзен арнасында су деңгейі көтеріліп, маңайды су басуы ықтимал», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, кеше Қазалы ауданы тұсында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеті жарылып кетті.