Тереңөзекте газдандыру жұмыстары қарқын алды
Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын автоматты газ тарату станциясын орнатумен қоса, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жалпы құны 2,4 млрд.теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің квартілішілік газ құбырлары желісінің құрылысы 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін келер жылға республикалық бюджеттен 525 млн.теңге және облыстық бюджеттен 52 млн.теңге қаржы бөлінуде. 2020 жылға 1 млрд. 679 млн.теңгені республикалық және 188 млн.теңгені облыстық бюджеттерден бөлу жоспарлануда.