Қазалыда қорғаныс бөгеті жарылды
Сырдария өзенінің Қазалы ауданындағы қорғаныс бөгеті жырылып, дарияның ескі арнасына су ақты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы шұғыл түрде өткізіліп, атқарылатын жұмыстардың көлемі нақтыланып, тиісті сала басшыларына міндеттер жүктелді.
Нәтижесінде азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы мен техникалары оқиға орнына тартылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттеріне қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. Бұған 150 адам, 31 арнайы техника жұмылдырылуда.