ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР КЕЛІСІМШАРТ ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАНЫ ҮШІН СЫЙАҚЫНЫ ҚАЙТАРАДЫ
Талапкер «Әскери бөлім» мемлекеттік мекемесі бөлімнің бұрынғы қызметкерінен 1101886 тенге ақша талап етіп отыр, - деп хабарлайды Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
Жауапкер ҚР Қарулы күштері қатарына келісім шарт бойынша бөлім командирі лауазымына алынған. Келісім шарт бойынша ол алдағы он жыл бойына ҚР-ның қарулы күштері қатарында қызмет атқаруды міндет қып алып, осыған сәйкес оған бір мезеттік сыйақы, яғни 1101886 теңге көлемінде ақша берілген. Алайда жауапкер бұл уақыт аралығында келісім шарттың талаптарын сақтамағаны үшін әскери қызметтен босатылған. Осыған орай «Әскери бөлім» жауапкерден 1101886 теңге көлеміндегі ақшаны қайтару жөнінде сотқа жүгінген.
Сот тараптардың пікірлерін тыңдап, талапкердің пайдасына жауапкерден 1101886 тенге ақша өндіруге шешім етті.