Қазақстанда бір адамның орта есеппен 908 мың теңге несие қарызы бар
Ағымдағы жылдың қазан айының соңында қазақстандықтардың жеке қарыздарының жиынтық мөлшері 6 трлн. теңгеге жеткен, деп хабарлайды informburo.kz.
Бұл жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 14,4 пайызға артық. Несиелердің жартысынан көбі (2018 жылдың қазандағы есеп бойынша 53,1 пайызы) – тұтынушылық несиелер. Оны бір адамға шағып, есептегенде осы жылы 5 пайызға өсіп, 908 мың теңге болған. Ең көп несиені отандастарымыз банк секторларынан (91,4%) алған. Екінші орында (6%-ы) микроқаржы ұйымдары, үшінші орында (2,4%-ы) онлайн-несиелеу.