Қос тұлғаға арналды
Заманымыздың заңғар жазушы – Шыңғыс Айтматов пен аса көрнекті жазушы, драматруг – Қалтай Мұхамметжановтың 90 жылдық мерейтойларына орай Халықаралық Форум өткізілді.

Жиында ХҚТУ президенті Б.Абдрасилов құттықтау сөз сөйлеп,әдебиет әлеміндегі қос бірдей шынардың мерейтойларының түбі бір түркі жұртының астанасы Түркістан қаласында өтуінің өзі ерекше мәнге ие екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ ХҚТУ Ректор өкілі Женгиз Томар, Қырғызстан Республикасының ҰҒА-ның Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының «Манас» фольклор және ақындар поэзия бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Колбаева, Ә.Науаи атындағы Ташкент өзбек тілі мен әдебиеті Мемлекеттік университеті, оқу істер бойынша проректор Н.Жоракозиев, Қазақ сатирасының классигі, жазушы, ҚР Президенті сыйлығының иегері К.Әмірбек және де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің профессоры, «Қалтайтану» мұрасының жетекшісі Қ.Құдайбергеновтер сөз сөйлеп, тағылымы мол форум жұмысына сәттіліктер тіледі. Сонымен қатар Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының профессоры М.Колбаева оқу ордамыздың кітапханасына Ш.Айтматов жайында жазылған он томдық кітапты сыйға тартты.
Жиын барысында Түркі тілдес мемлекеттерден келген жазушы, ғалымдар заманында тізе қосып шығармашылық жасаған қос саңлақ жайында тебіреністі ойларын ортаға салды. Айтулы шара концерттік бағдарламаға жалғасты.