Қызылордада ет өндіру көлемі 17,8 пайызға артты
Елде ет өндіру көлемі артты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында елдегі мал шаруашылығының жалпы өнімі шамамен 13 пайызға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тіркелді. Жыл ішінде өңірдегі өнім көлемі 16,5 пайызға молайып, табыс мөлшері 309,1 млрд теңгені құрапты.
Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 254-ті, ал Түркістан облысында – 228,7 млрд. Теңгені құрап отыр. Бұл туралы «ЭнерджиПром.кз» сайты хабарлайды.
Ал жыл ішіндегі өсім қарқыны бойынша Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Бұл облыста шамамен 22 пайыз. Артынша Маңғыстау облысы 18,8 пайызды, ал Қызылорда – 17,8 пайызды құрады.
2021 жылға дейін Ақмола мен Қарағанды облыстарында ет пен ет өнімдерін қайта өңдейтін 1 кешен және 16 сүт фермасы бой көтереді деп жоспарланып отыр. Аталған жобалар импортқа деген тәуелділікті бәсеңдетуге бағытталған.