Биыл шыққан ең қауіпсіз автокөліктер
Euro-NCAP еуропалық тәуелсіз сарапшылар ұйымы 2018 жылы шыққан ең қауіпсіз автокөліктер рейтингін түзді. Зерттеу жұмыстарында төрт категорияны басты назарға алған.

Кроссовер көліктер арасында Hyundai Nexo ең қауіпсіз деп танылды. 94% жүргізуші мен жолаушыларына қауіпсіз екен. Балалардың қауіпсіздігі - 87%, жаяу жүргінші жолына тоқтау - 67%, ал электронды жүйесі 80%-бен бағаланған.
"Кіші отбасылық көлік" категориясы бойынша Mercedes-Benz A-Class хэтшбегі үздік шықты. Бұл автокөлік түрі жүргізушілер мен жолаушылар үшін 96% қауіпсіз екен.
Айта кетейік, осыған дейін Insurance Institute for Highway Safety мамандары фаралары ең мықты автокөліктердің рейтингін жариялаған болатын.