Намаз кестесі өзгерді
Қызылорда облысында сағат тілінің кері шегерілуіне байланысты намаз кестесі де өзгереді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚМБД-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне сілтеме жасап.
2018 жылдың 20-желтоқсаннан 21-не қараған түні сағат 00.00 де Қызылорда облысы бойынша сағат белдеуінің ауысуына байланысты 13.00-де жұма уағызы басталып, 13.30-да Жұма намазы оқылатынын хабарлаймыз. Сонымен қатар, уақыт белдеуіне сәйкес өзгертілген намаз уақыттарының кестесін назарларыңызға ұсынамыз.