Халық тарифтің төмендеуінен қанша қаржы үнемдейді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық тарифтердің төмендеуіне қатысты нақты есепті жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, ағымдағы жылы 20 желтоқсанға дейін бірқатар өңірлерде коммуналдық тарифтер төмендетілді.
«Мәселен, Ақмола облысында жылудың бағасы бір шаршы метрі үшін 116,1 теңгеден 73,4 теңгеге (36,8 проценке) түсті. Сол сияқты Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың құны бір текше метрі үшін 52,3 теңгеден 40,8 теңгеге (22 процентке) арзандады. Бұдан бөлек, электрэнергия, газ бен суды бұру қызметтеріде біршама төмендеді. Ал келесі жылдан бастап барлық аймақтардың тұрғындары коммуналдық тарифтердің арзандағаны байқайтын болады. Осылайша, Алматы қаласында орташа ауданы 60 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі пәтердің қазіргі төлемақысы 14 483 теңге болса, келесі жылдан бастап аталған төлем 13 128 теңгеге төмендейді. Сөйтіп, бір айда 1 353 теңге үнемделеді. Сол сияқты Астанада қаласында екі бөлмелі пәтердің коммуналдық төлемдері 10 666 теңгеден 9 604 теңгеге дейін түседі», - деді С.Жұманғарин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның сөзіне қарағанда, Шымкент қаласында екі пәтердің иелері 1 340 теңгені үнемдесе, Ақтөбенің тұрғындары 1 068 теңгені өздеріне қалдыра алады. Өскемендіктер - 313 теңгені, тараздықтар - 806 теңгені, оралдықтар - 1 035 теңгені, қызылордалықтар - 865 теңгені, ал Петропавл қаласының тұрғындары екі бөлмелі пәтердің коммуналдық қызметтерін 383 теңгеге аз төлейді.