Заңды бұзған полиция қызметкері сотты болды
Қармақшыда полиция қызметкері ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегі анықталды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған куәгердің осы айла-шарғыға қатысқаны үшін полиция қызметкері оған сыйақы уәде еткен.
Бұдан бұрын азамат Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін 26 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған.
Соттың үкімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкері екі жылға бас бостандығынан айрылды.
Айыпталушыға қатысты үкім заңды күшіне енді.