Ұстаздар Тәуелсіздік күнін атап өтті
Тәуелсіздік мерекесіне орай Қызылорда қалалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ комитеті №264 мектепте «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік жиын өткізді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Мерекелік жиында сенатор Мұрат Мұхамедов және мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева Сыр елі ұстаздарына Ақордадан бейне құттықтау жолдады.
Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов жиынға жиылған қауымды мерекемен құттықтады.
Одан әрі, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
Ұстаздар қауымының орны қашан да ардақты, осы орайда білім саласының үздіктері, шығармашылықпен айналысатын ұстаздар, оқушылары республикалық, облыстық, қалалық сайыстарда жүлделі орындар алып, сондай-ақ, ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалімен, Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар Астананың 20 жылдық медалі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Шара барысында қалалық білім бөлімі және қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының атынан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Алимбетова бірнеше ұстаздарға жолдама табыстады.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.