2019 жылы 118 күн демаламыз: аз ба, көп пе?
2019 жылы қазақстандықтар 118 күн демалады. Алдағы жылы тұрғындарға ыңғайлы болу үшін біраз демалыс күнін мерекелерді ұзарту үшін жылжыту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2019 жылдың алғашқы жұмыс күні 3 желтоқсаннан басталады. Жаңажылдық демалыс 4 күнге созылады. 29 желтоқсан толық жұмыс күні болып белгіленіп, 30, 31 желтоқсан мен 2019 жылдың 1 және 2 қаңтары демалыс.
Алдағы жылы мемлекеттік мерекелер: Жаңа жыл (1-2 каңтар), Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), Наурыз мейрамы (21-23 наурыз), Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр), Жеңіс күні (9 мамыр), Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (30 тамыз), Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан).