Нұртөре Жүсіп – Қызылорда облысының «Құрметті азаматы»
Бүгін республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің директоры, әрі бас редакторы Нұртөре Жүсіп Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» атағына ие болды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында аймақтағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда өткен салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
Салтанатты шарада аймақ басшысы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, журналист Нұртөре Жүсіптің иығына шапан жапты.
Айта кетейік, мерекелік кеште әлемдік ғылымда өз орны бар академик, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері Әбдуали Баешов және Қазақ ССР Балық шаруашылығы министрі қызметін абыроймен атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов та Қызылорда облысының "Құрметті азаматы" атағына ие болды.