Қазалыдағы ауыс-түйіс
Қазалы ауданында кадрлық ауыс-түйістер болды. Аудан әкімінің өкімімен бірнеше бөлімге жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қайрат Әбубәкірұлы, 1983 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазалы аудандық зейнетақы төлеу орталығының маманы болып бастаған.
2006-2011 жылдары аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2011-2014 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2014-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Осы жылдың наурыз айынан бастап ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Аудан әкімінің өкімімен Жәнібек Алиев аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жәнібек Алмасұлы, 1981 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Тұран» университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Салықшы мемлекеттік мекемесінің маманы болып бастаған.
2005-2006 жылдары «Намыс-құрылыс» ЖШС-нің есепшісі, 2006-2008 жылдары Әскерилендірілген теміржол күзет мекемесінің маманы, 2009-2010 жылдары Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2010-2012 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2012-2014 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасаған.
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
Аудан әкімінің өкімімен Ақтілеу Бөріқұлақов аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ақтілеу Талайлыұлы, 1982 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Түктібаев ауылдық емханасында есепші болып бастаған.
2005-2006 жылдары «Қазалы-жарығы» ЖШС-нің есепші, 2007-2011 жылдары аудандық ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің бас маманы, 2011-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2012-2017 жылдары аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары, Әйтеке би кенті әкімі аппаратында бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Ақжона ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
Аудан әкімінің өкімімен Ахметулла Аманов аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ахметулла Нағыметұлы 1959 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақтың тұтыну кооперациясы институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1977 жылы Қазалы қалалық тұтынушылар қоғамының есепшісі болып бастаған.
1986-1997 жылдары Басықара жұмысшылар кооперациясының, Қазалы аудандық дайындау кооперациясының бас есепшісі, К.Маркс атындағы жұмысшылар кооперациясының төрағасы, 1997-2005 жылдары аудандық салық комитетінің инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, 2005-2010 жылдары аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ал, 2010 жылдан бастап Қазалы аудандық қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.