Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асырудың және қорғаудың бір механизмі өтініш беру болып табылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының маңызы зор. Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру мен оны қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жалпы, өтініш дегеніміз – өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген арыз-ұсыныс, шағым, сауал немесе үн қосу. Өтініш жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электронды құжат нысанында беріледі. Өтініштің бір түрі болып есептелетін «Арыз» – адамның өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмыстарындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметін сынау болып табылады.
Субъектіге тікелей жазбаша дегеніміз, өтініш жасаған арыз берушіге арызының тіркелген уақыты мен күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Заңның 8-бабына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге барып тексеру талап етпейтін жеке және заңды тұлғаның өтініші белгілі талап етілген мерзімі ішінде қаралады. Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылып, күнтізбелік 3 күн ішінде бұл туралы арыз берушіге хабарланады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.
Жоғары тұрған субъекті немесе лауазымды тұлға болған жағдайда немесе арыз беруші қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі. Сондай-ақ, көрінеу жалған мәліметтерден тұратын өтініштерді тексеруге байланысты өзіне келген шығындарды өндіріп алу үшін лауазымды тұлғалардың, субъектілердің сотқа жүгінуге құқығы бар.
Е.Елубайұлы,
Қызылорда облыстық Әділет департаменті
бөлім басшысының міндетін атқарушы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі.