Жаңақорғандық тұрғын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған
Жаңақорған ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын айыппұл төлейді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Жаңақорған аудандық сотының хабарлауынша, ол ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқан.
Сот барысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған қылмысы дәлелденіп, сот үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған 250 АЕК мөлшерінде 601250 теңге айыппұл салынды.