«Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі»
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде аймақтағы жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне арналған «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекетіміздің ұстанымындағы дін саласындағы саясатын жүзеге асыру және қоғамдық пікірді тыңдау арқылы деструктивті діни ағымдардың алдын алуда жаңа тәсілдерге қол жеткізуді жүзеге асыру міндеттелген. Осы мақсатты көздеген жиын барысында баяндамашылар зайырлылық мәні жайлы ой қозғап, көпшілікке дінаралық қағидаттарға қатысты пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тарапынан да тақырыпқа қатысты ойлар айтылып, мемлекеттің ынтымағы мен бейбітшілігін одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстар сараланды.