13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 13 желтоқсанда Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынды болады, қалған аймақтарда күн ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ ел аумағының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел тұрып, екпіні 28 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 18 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.