ТҮРМЕДЕН ШЫҚҚАНДАРДЫҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЖҰМЫССЫЗ
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында түрмеден босап шыққандардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында Қызылордада кездесу өтті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға құзырлы органдардың өкілдерімен бірге «Интегорстрой», «Қызылорда су жүйесі», «Компания еңбек биржа», «Л-КОМ» сияқты жұмыс беруші мекемелер мен компаниялардың басшылары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – түрмеден шыққандарды еңбекпен қамту бөлімі ұсынған мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыру және таңдаған мамандықтары бойынша оқыту, шағын несие алу жөнінде кеңестер беру үшін оларға жолдама ұсыну, жұмыссыздардың есебіне тіркеу.
Осы күні жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылып, сол жерде бұрын сотты болған адамдар таңдаған және кәсібіне сәйкес келетін мамандықтар бойынша өз өтініштерін беріп, жолдамаларын алды.
Облыстағы учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық және тізімдік есебінде барлығы 1827 адам есепте тұрса, оның 98 пайызы жұмыссыз.