Тереңөзекте сән салоны ашылды
Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде «Dinaros» сән салоны ашылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұлулық салонының ашылуына Тереңөзек кентінің әкімі Н.Бисембаев пен кент тұрғындары қатысты.
Шарада кент әкімі Н.Бисембаев пен еңбек ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» А.Бақтиярова сөз сөйлеп, сән салонының жұмысшыларына сәттілік тіледі.
"Жаппай кәсіпкерлікті қолдау" жылы аясында Сырдария ауданында көптеген шағын және орта бизнес нысандары ашылуда. Бұл кәсіпкерлік саласына бағытталып жатқан қолдаудың жемісі.
Айта кету керек, жаңадан ашылған сән салонында кәсіби білікті мамандар жұмыс жасайды. Олар бет әрлеу, шаш сәндеу, қас-кірпікті әсемдеу секілді қызметтерді көрсетеді.