Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі
Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды деген сөз.

Осы орайда жалақысы аз қызметкерлердің жалақысын көбейту бойынша ірі компаниялармен жұмыс жүргізілуде. Жалақылары төмен денгейдегі қызметкерлердің санын, жалақыларының көлемін анықтау және қөтеру бойынша түсіндірілуде.
Айта кету керек, аймақтағы 42 ірі және орта кәсіпорындар арасынан 6 кәсіпорын 572 қызметкерлеріне жалақысын 49 080 теңгеден 55 570 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр.