Республикалық «Жомарт жүрек» байқауының марапаттау рәсімі өтті
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және меценаттық пен мейірбандық идеяларын насихаттау мақсатында «Жомарт Жүрек» жобасы жүзеге асырылды.
ЖОБАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ
1. Туған өлкенің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту;
2. Әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірбиесін тарату;
3. Ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамаларды жүзеге асырудың оң тәжірибесін жергілікті және республикалық деңгейлерде іске асыру мен тарату мақсатында оларды жинақтау және еселеу;
4. Қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру;
5. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.
Аталмыш жоба аудандардан бастап жүзеге асырылды. Үстіміздегі жылдың шілде, тамыз айларында өңірімізде 7 ауданда «Жомарт жүрек» жобасының марапаттау рәсімі өтті. Барлығы ауданнан 200ге жуық адам қатысып, 40 топ жарған жанашырларымыз облыстық кезеңге өтті. Жыл қорытындысы бойынша облысымызда үздік деп танылған 5 азамат республикалық «Жомарт жүрек» жобасына ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік қатысушылар 5 номинация бойынша марапатталған. Атап өтсек:
Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» аталамы;
Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» аталымы;
«Жыл тұлғасы» аталымы белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғалар үшін);
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін(тек заңды тұлғалар үшін) «Жылдың үздік ұйымы» аталымы;
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» аталымы.
Облысымызда топ жарған 5 азаматқа тоқталсақ.
«Жыл меценаты» аталымы бойынша Көпеев Бауыржан Амангелдіұлы марапатталды. Бауыржан Амангелдіұлы Шиелі ауданы «Төңкеріс К» шаруа қожалығының төрағасы. 2017 жылы Ш.Қодаманов ауылындағы мәдениет үйіне, №158 орта мектепке, «Ақбота» бөбек жайына, ауылдық дәрігерлік амбула торияға, сондай-ақ түрлі мерекелік шаралар мен қайырым дылық акцияларына 2 млн. теңге қаржылай демеушілік жасаған. 2018 жылы Ш.Қодаманов ауылына өз қаржысы есебінен 90,0 млн. теңгеге спорт кешенін салып берді.
«Жыл тұлғасы» аталымына ие болған Ақшагүл Махатова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлесін қосып келе жатқан кәсіпкер. Мектеп, балабақша, аурухана және т.б. әлеуметтік нысандарды жылыту маусымында сұйық отынмен қамта масыз етіп келеді. Мүмкіндігі шектелуі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балала рына, өңірдегі спорт саласының дамуына демеу шілік жасап 15,0 млн қаржы аударған. Қазіргі таңда 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қайырымдылық акция ларына қатысып, 2,0 млн. теңге қаржылай демеушілік жасаған.
Оқу-өндірістік кәсіпорны «Ұшқын» ЖШС құрылғаннан бас тап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балалар ға қайырымдылық іс-шараларды атқарып келеді. 2017-18 жылдары қайырымдылыққа 21,9 млн. теңге бөліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды арбамен, оқу құралдарымен қамтыды. Емдеу санаторийлеріне тұрақты түрде жолдама алып беріп келеді. Осындай игі істің басында жүрген бұл кәсіпорын «Жылдың үздік ұйымы» аталымына ие болды.
«Туған өлке» аталымында үздік деп танылған азамат Нұрлан Тұрғанбекұлы Іздібаев. Нұрлан Тұрғанбекұлы Қармақшы ауданы «Ақтөбе и К» ЖШС директоры. Қармақшы ауданы, Ақтөбе елдімекеніне тұрақты түрде демеушілік көмектер жасап келеді. Атап айтқанда, ауылдың кіреберісіне ұлттық нақыштағы арка орнатуға 10,0 млн теңге, ауыл көшелерін көрнекі-ақпараттық насихаттық құралдармен, тақтайшалармен безендіру жұмыстарына 2,0 млн теңге, көркейту-көгалдандыру жұмыс тарына 2,5 млн теңге, ауыл орталығындағы Е.Сексенбаев атындағы орталық саябақты абаттандыруға 10,0 млн. теңге, мәдениет үйіне 1,5 млн. теңге, Ақтөбе ауылы туралы «Туған жер – тұнған шежіре» кітабын шығаруға 1,5 млн. теңге, «Жахаев ізбасарлары» еңбек лагеріне 1,0 млн. теңге демеушілік көмек көрсеткен.
Сондай-ақ жарық аталымдарының бірі «Ерен еріктілік». Облысымызда бұл аталымға лайықты деп танылған Сыздықова Сәуле Шәкімбайқызы. Сәуле Шәкімбайқызы Сырдария аудандық «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінде үйлестіруші қызметін атқара жүріп, жастар арасында позитивті көзқарас қалыптастыру мақсатында 40-тан астам әлеуметтік, спорттық және қайырымдылық жобалар ды жүзеге асырған. 3000-ға жуық жастардың басын біріктіріп, түрлі шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болған. Сондай-ақ жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, еріктілер корпусын дамыту, жастардың құқығын қор ғау, кәсіпкерлік білімдерін арттыру, денсаулық, білім, спорт, мәдениет саласын дағы ауқымды шараларға жастардың қаты суына белсенді ықпал еткен.
Осындай мейірбан азаматтарымыз республикалық «Жомарт жүрек» жобасына жолданды.
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын республикалық деңгейдегі салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 6 желтоқсан күні Астана қаласында өтті.
«Жомарт жүрек» сыйлығының номинанттарына www.jomartjurek.com сайтында онлайн-дауыс беру жүргізілді. Дауыс беру нәтижесінде республикалық жобаның жеңімпаздар қатарына 2 жерлесіміз ілінді. «Ұшқын» ЖШС мен Сәуле Сыздықова өз номинациялары бойынша республикалық сыйлықтың лауреаты болды.
«Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлеріне арнайы статуэткалар тапсырылды. Статуэтканың негізгі элементі қырлы гауһар тас сияқты жүрек қалпында әзірленген. Оның алтын түсті болуы – мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген меценаттардың, бизнес-құрлым өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, волонтердің еңбектерінің бағалы екенін баса көрсетеді. Элемент асыл тастың сұлбасымен біріктіріліп, бірнеше қарапайым геометриялық пішіндерден құрастырылған. Осылайша, көптеген адамдардың күш-жігерін біріктіру жолымен биік жетістіктерге қол жеткізуге болатныдығын айшықтайды.
«Рухани жаңғыру» орталығының баспасөз қызметі