Жалағашта жастар слеті өтті
Жалағаш ауданының мәдениет және өнерді дамыту орталығында "Ауыл - ел бесігі" атты ауыл жастарының облыстық слеті өткізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Слетті аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген ауыл жастарын марапаттады.
«Ауыл жастарының облыстық слетінің негізгі мақсаты – жастарының белсенділігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, еңбекке, кәсіпке және қоғамдық белсенділікке баулу болып табылады», - дейді Жағыпар Тажмаханов.
Слет барысында «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы Ақмырза Махатай, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының грант бөлу жобасына қатысушы Айдар Мұқанбетқалиев, «Дипломмен - ауылға» жобасының қатысушысы Гүлжайна Ұзақова сөз алып, жастарды еңбек етуге шақырды.