Қазалының тағы бір ауылында саябақ ашылды
Қазалы ауданының тағы бір ауылында орталық саябақ ашылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Жаңа саябақ ауданның Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында ел игілігіне берілді.
Орталық алаңның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме «Жылу ХХІ» ЖШС. Саябақта тағзым алаңы мен балалар ойын алаңы, ашық сахна және басқа да көрікті жерлер бар.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ақсуаттық тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, ел игілігі жолында атқарылар жұмыстардың толастамайтынын тілге тиек етті.
Ауылға көрік берген саябақтың ашылуына ауыл тұрғындары дән риза.
Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданына қарасты Қашақбай Пірімов ауылында орталық саябақтың ашылғанын хабарланған болатын.