Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған Қызылорда облысының әкімі марапатталды
Биылғы «Алтын сапа» байқауының қорытындысы бойынша Елбасы «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» номинациясын Қызылорда облысына тапсырды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Бүгін ЕХРО Конгресс-орталығында өтіп жатқан «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» номинациясын табыс етті.
Айта кетейік, бұл жоғары баға өңірде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған және дамуына зор үлес қосқан аймаққа беріледі. Өткен жылы бұл марапат Астана қаласына табысталған болатын.