«Қызылорда-Атырау» қосымша пойызына билет сатыла бастады
«ҚР Тәуелсіздік күні» мен «Жаңа жыл» мейрам күндерінде «Қызылорда-Атырау» бағытындағы №241/242 қосымша жүрдек пойызына билет сатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кері бағытта Атыраудан пойыз 2018 жылдың 15, 17, 27, 29 күндері сағат 18-00-де шығып, Қызылордаға 16, 18,28,30 желтоқсан күндері сағат 22-03-те жетеді. Жолға кететін уақыт - 28 сағат 03 минут.
Пойыз вагондарында 212 орын бар.