ҚАЗАҚСТАН "БӘЙТЕРЕК" ҒАРЫШТЫҚ ЗЫМЫРАН КЕШЕНІ ЖОБАСЫНА КІРІСТІ
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы "Ангара" зымыраны негізінде іске асатын болды. Бұл туралы төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлімдеді.
Интерфакстың хабарлауынша, қазір "Қазғарыш" пен "Роскосмос" және басқа да ресейлік зауыттар бірігіп, жобаны іске асыру жолдарын қарастырып, осы жылдың бірінші тоқсанында нақты жоспар ұсынбақ.
"Бәйтерек" біріккен жобасы 2005 жылы әзірленіп, Байқоңыр ғарыш айлағындағы жер үсті серіктерімен жұмыс жасауға бағытталды. Осы күнге дейін жобаны іске асыруда бірқатар қиындықтар туындады. Мәселен, бұған дейін жобаны ресей-украин "Зенит" зымыран-тасығышы негізінде құрастыру жоспарланды. Бірақ Украина дағдарысына байланысты соңғы шешім ақыры "Ангара" зымыранына келіп тоқтады.
"Қазғарыш" басшысы Талғат Мұсабаевтың сөзінше, жобаның құны бастапқыда 223 млн долларға бағаланғанымен, кешенді құрастыру барысында бұл сома 2 млрд долларға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан тарапы зымыран кешенін әу баста-ақ "Ангара" негізінде салуды жоспарлаған. Бірақ ресейлік тарап жоба құнын арттырып жібергесін, райынан қайтып, "Зенит" кешеніне ден қойған-ды.
Сондай-ақ "Астана мен Мәскеу 2025 жылға дейін Байқоңырдан "Протон" зымырандарын ұшыруды тоқтатуды көздейді". Бұл туралы да "Қазғарыш" комитеті жетекшісінің орынбасарына сілтеп, Интерфакс хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, Байқоңырдан ғарышқа аттанатын "Протон-М" зымырандарының санын сатылы түрде қысқартып, уақыт өте келе, оларды Ресей аумағында салынып жатқан зымыран кешеніне толық ауыстыру жоспарда.