Сыр өңірінде балаларға арналған археологиялық лагерь ашылады
Сыр өңірінде балаларға арналған археологиялық лагерь ашылады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Қаламыздағы, облысымыздағы әртүрлі тарихи үйірмелердегі осы біздің тарихымызға қызығатын оқушылар қазба жұмыстарына қатысып қана қоймай, кешегі «Қазақстанның киелі жерлері» географиялық жобасы бойынша қасиетті нысандар тізіміне енген біздің облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді аралайды, үлкен экскурсиялар жасалады», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.