Енді қазақстандықтарға пәтерінде қанша адам тіркелгені жайлы хабарлама жіберіледі
Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе электронды үкімет порталы арқылы оның мекенжайы бойынша тіркелген адамдардың санын біле алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері мұның алдында барлық мемлекеттік органнның Мекенжайды тіркеу кодының (МТК) негізінде мекенжай мәліметтерінің бірыңғай форматына көшуі туралы хабарлаған болатын.
Бүгінгі күні деректер базасында МТК бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 миллион тұрғынының жуығында бар, электронды үкімет порталы порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізілуде. Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке электронды үй кітапшасын құруға мүмкіндік берді.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де ХКО немесе электронды үкімет порталына жүгіне отырып оның мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады.
Осылайша анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетіліп жатыр. Осыған байланысты қайтыс болғандарды, ҚР тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, ҚР азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта электронды үкімет порталына SMS-хабарлама, мобильді қосымшалар жолдау арқылы, төлеу терминалдары, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте, нотариустың жылжымайтын мүлік объектісін сатып алушыға сатып алу-сату шартын ресімдеу кезінде сатып алуға жататын тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабарландыру сервистері әзірленіп жатыр", - делінген ІІМ өкілдерінің хабарламасында.