Ұялы телефонмен сөйлескен автобус жүргізушілері жазаланды
Желтоқсан айының 3-9 күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы сыртқы және ішкі коммуникациялар тобының мәліметінше, іс-шараға Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Қызылорда ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің 157 қызметкері қатысты. Олар алдын-ала және кезеңдік тексерулер жүргізуде, оның ішінде жүргізушілердің сапарға дейінгі баратын медициналық тексерулер және олардың жұмыс пен демалыс режимін сақтауы тексерілді.4 күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты барлығы 54 әкімшілік хаттама рәсімделіп, оның ішінде ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша (автокөлік басқарған кезінде ұялы телефон пайдаланған үшін) – 10 дерегі, 592-бабына сәйкес (жылдамдық асыртқан) - 1 дерегі, 595-бабымен (маневр ережесін орындамаған) - 10 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелері бұзылған.
«Рейд кезінде полиция жүргізушілерге жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру туралы хабарлайды. Олар автобустар мен автобустардың жүргізушілерін Жол ережесін бұзбауға, жолаушылармен сыпайылық танытып, жолдардағы қырағылықты, мұқияттылық пен ынтымақтастықты сақтауға шақырады", – делінген қалалық Полиция басқармасының сыртқы және ішкі коммуникациялар тобының мәліметінде.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.



















