Ауыл жастарымен кездесу өтті
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселері басқармасының тапсырмасымен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры Шиелі ауданына қарасты Еңбекші, Сұлутөбе елді мекендерінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырды.
Кездесу аясында көшпелі қоғамдық қабылдаулар, ауыл жастары арасында спорттық сайыстар, кәсіпкерлік дағдылары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
Тренер-мотиватор Шыңғыс Үмбетаев шараға қатысқан белсенді жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мотивациялық кеңес берді. Семинар соңында жастарға сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар аудындық жастар орталығының маманы жергілікті жастарды қабылдап, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін кеңінен түсіндірді.
Жастар басқосуы спорттық шаралармен қорытындыланып, қатысушыларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.