Келер жылы тауарлық газ арзандайды
2019 жылдың басында тауарлық газдың түпкілікті құны 12-22%-ға арзандайды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, бүгінде тауарлық газ тұтыну көлемі 13,8 млрд текше метрге жеткен. 11 облыстағы 1 320 елді мекен көгілдір отынды пайдаланып отыр. Ал 2030 жылға қарай газдандыру деңгейі 56%-ға жетпек. Демек тағы 1,5 мыңнан астам елді мекен газбен қамтылады,
Сондай-ақ елімізде «Сарыарқа» магистралды газ құбырының жобасы жүзеге асырылмақ. Бірнеше кезеңге жоспарланған жоба негізінде Қызылорда облысындағы Қараөзек кен орнынан басталатын газ құбыры Жезқазған, Қарағанды, Теміртау арқылы Астанаға жеткізілетін болды. Екінші кезеңде Астана мен Көкшетау, үшінші Көкшетау мен Петропавл арасы қамтылады. Алғашқы кезеңге 267,3 млрд теңге қарастырылып отыр.